«Бес асық»
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Ласточка» мектепалды тобының тәрбиеленушілері қазақтың ұлттық ойыны «Бес асық» ойынын ойнады.
Бұл ойын балалардың ептілігін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, зейінін, мергендігін дамытуға бағытталған, сондай-ақ ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге және ұжыммен бірлесе әрекет етуге үйретеді.
Ойынға қатысу балалардың қызығушылығын оятып, жағымды эмоциялар сыйлады және олардың жан-жақты дамуына ықпал етті.









