«Жасыл клуб» жобасын іске асыру аясында КМҚК «№ 3 бөбекжайы» «Ромашка» ортаңғы тобында балалар мен ата-аналар терезе алдындағы бақшаны ұйымдастырды. Біздің балалар өздері пияз отырғызып, оның өсуін бақылап отырды.

Осындай іс-әрекет балаларға пияздың қалай өсетінін біліп қана қоймай, өсімдіктерге қамқорлық жасауды, табиғатқа деген қызығушылық пен ықылас танытуды үйренуге көмектесті. Тәрбиешілер: Карий И.И., Камаева Е.Б.


«Жасыл клуб» экологиялық жобасын жүзеге асыру аясында «№3 бөбекжайы» КМҚК, «Ромашка» ортаңғы тобында мектеп жасына дейінгі балаларға жануарларға деген сүйіспеншілік тәрбиеленуде. Бұл — баланың тұлғасын қалыптастырудың, оның адамгершілік қасиеттері мен эмоциялық интеллектісін дамытудың маңызды бөлігі.
Мектепке дейінгі жаста балалар мейірімділікке, қамқорлыққа және жанашырлыққа ерекше сезімтал болады. Сондықтан дәл осы кезеңде «кішкентайларға» деген ізгілікті қарым-қатынастың негізі қаланады.
Тәрбиешілер: Карий И.И., Камаева Е.Б.

 


"Қостанай қаласының білім бөлімі "N3 бөбекжайы" кіші "Жұлдыз" тобының тәрбиеленушілеріне экологиялық тәрбие беру жұмыстары жүргізілуде. Экологиялық тәрбиенің мақсаты: Балалар табиғатты қорғай білуге, табиғат сырын ұғынуға, бір-бірімен жақсы қарым -қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету.
Көктемнің сырын бақылап, көктемде жүргізілетін жұмыстар жайында біліп, балалар өздері өсімдіктерге жағдай жасады.
Тәрбиешілер: Шаяхметова Л.Н.
Тұрсын Ж.Ж.


« №3 бөбекжайы» КМҚҚ жұмысының бағыттарының бірі — ерте кәсіптік бағдар беру. «Радуга» ересек тобында балалар квест-ойын арқылы көкөніс өсіруші мамандығымен танысты. Ойын барысында олар бұл мамандықтың қыр-сырын білді, экология, көкөністер мен жемістер туралы білімдерін бекітті. Тәрбиешілер: Тамилина О.М., Каримова Н.Х.


Атауы Жүктеу
1 Приказ эксперим.площадки 09.2025
2 Я-с № 3, ИП Зеленый клуб