Құзыреттілік орталығының қызметі аясында, білім беру үдерісін жетілдіру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында отырыс өтті. Отырыс барысында тәрбиеші Текаева В.Ю. педагогтерге «Мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивтік функцияларын дамыту» тақырыбында консультация-практикум өткізді.
Отырыс барысында аталған тақырып бойынша теориялық мәселелер қарастырылып, практикалық тапсырмалар арқылы педагогтер алған білімдерін бекітті. Сонымен қатар, балалармен жұмысты ұйымдастыруға арналған практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.

«Костанай қаласы білім бөлімінің «№3 бөбекжайы» КМҚК Құзыреттілік орталығының жұмысы аясында тәрбиеші:Сәбитбек Ә.Ү ересек "Балапан" тобының ата-аналарымен “Ата-ана бақыты ол-бала” атты тренинг жүргізді.
Мақсатымыз-бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - ол отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.
”Бақыт деген не өзі”
Ата-ананың балаға деген әрбір тілегі мен дұғасы міндетті түрде қабыл болады.
Осы сұрақты ата-аналар өздеріне қоя отыра,Бақыттың не екенін, ол қалай сезілетінін, адамға “Бақыт”не үшін керек екенін бір мәрте еске түсіріп, ата-аналардың жүрек түбінде жатқан сезімдерін, ойларын, махаббаттарын жеткізу.
Осылайша осы тренинг арқылы ата-ана мен бала арасындағы махаббат, сезім, жақсы көру, сүйіспеншілік, ең бастысы үлкен БАҚЫТ екенін есте сақтап, әрбір күнді ерекше қуанышпен өткізуді ұйымдастыру.

«Костанай қаласы білім бөлімінің «№3 бөбекжайы» құзыреттілік орталығының жұмысы аясында педагогтар арасында тәрбиешілер:Шененова А.И мен Сәбитбек Ә.Ү ересек "Балапан" тобының тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылған іс -әрекет көрсетті.
Іс-әрекеттің міндеті:балаларға Нан туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Нан туралы түсінікті қалыптастыра отырып Наубайханашы мамандығымен таныстырып,олардың жұмыстары мен еңбектері туралы білімдерін кеңейту.
Балалар наубайханаға қонаққа барып, өз қолдарымен тәтті тоқаш пісірді.
Тоқаш пісіру кезінде балалар өздерінің білетін нан туралы мақал-мәтелдерін, нақыл сөздерін айтып, наубайханашының көңілін көтеріп, жақсы әсер алып қайтты. Осылайша саяхатқа толы іс-әрекетіміз өте жақсы деңгейде өтті. Балалар өздерінің пісірген тоқаштарын достарымен бөлісті.
Компетенциялар орталығының жұмысы және ҚОӘК шығармашылық тобының жоспары аясында «№3 бөбекжай» ҚМҚК тәрбиешісі Текаева В.Ю. қаланың педагогтарымен тәжірибе бөлісіп, «Жердің қанатты тұрғындары» атты электронды дидактикалық материалын ұсынды.
Материалда ОЖИВИ қосымшасы арқылы жасалған QR-код бар, бұл оны педагогтер мен балалар үшін интерактивті және одан да қызықты етеді.
Бұл әзірлеме үлкен қызығушылық тудырып, әріптестер үшін пайдалы ресурсқа айналды және экологиялық тәрбие беруде жаңа мүмкіндіктер ашты.
Компетенция орталығының жұмысы және ҚОӘК шығармашылық тобының жоспары аясында «№3 бөбекжайы» ҚМҚК тәрбиешісі Карий И.И. жас педагогтер мектебінің отырысында 5 жастағы балаларға арналған "Инженерия "еліндегі Фиксиктер" оқу – әдістемелік кешенін ұсына отырып, тәжірибесімен бөлісті.
Бұл жұмыс өз мақсатын толығымен ақтайды, атап айтқанда, Лего және ТИКО конструкциясы, робототехниканың басталуы арқылы 5-6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балалардың сындарлы қызметі мен инженерлік ойлауын, бастапқы ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытады.
Кешен жас педагогтер арасында үлкен қызығушылық тудырып, әріптестер үшін пайдалы ресурсқа айналды.
https://sad3-kst.edugov.kz/kz/zyret-ortaly-y.html#sigFreeId8475eaeec8
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Костанай облысы окімдігі білім | |
| 2 | Құзыреттілік орталығының жоспары |











