Ата-аналарға кеңес

«Үйдегі қимылды ойындар - баланың денсаулығы мен көтеріңкі көңіл күйінің кепілі»

Құрметті ата-аналар!

Қазіргі таңда балалардың көбі уақытын телефон, планшет немесе теледидар алдында өткізеді. Қимыл-қозғалыстың аз болуы баланың тез шаршауына, дене сымбатының бұзылуына, иммунитетінің әлсіреуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан баланың дене белсенділігіне тек балабақшада ғана емес, үйде де көңіл бөлу өте маңызды.

Қимылды ойындар — тек көңіл көтеру емес. Мектепке дейінгі жаста қозғалыс — баланың табиғи қажеттілігі және жан-жақты дамуының маңызды бөлігі. Ойын барысында балалар өз денесін басқаруды үйреніп, епті, шыдамды және өзіне сенімді бола түседі.

Қимылды ойындардың пайдасы

Қозғалыс кезінде баланың:
• бұлшық еттері мен буындары нығаяды;
• қимыл үйлесімділігі мен тепе-теңдігі дамиды;
• жүрек және тыныс алу жүйесі жаттығады;
• тәбеті мен ұйқысы жақсарады;
• көңіл күйі көтеріліп, күйзелісі азаяды;
• зейіні, есте сақтау қабілеті және ойлау жылдамдығы дамиды.

Сонымен қатар, ата-анамен бірге ойнау отбасындағы эмоционалдық байланысты нығайтады. Бала үшін ата-анасының көңіл бөліп, бірге ойнауы өте маңызды. Күніне 15–20 минут бірге белсенді ойын ойнаудың өзі балаға зор қуаныш сыйлайды.

Үйде қандай ойындар ұйымдастыруға болады?

Қимылды ойын ойнау үшін үлкен бөлме немесе арнайы құралдар міндетті емес. Көптеген жаттығуларды үй жағдайында өткізуге болады.

Доппен ойындар

Доп — баланың дене дамуына пайдалы құралдардың бірі. Мысалы:
• допты лақтыру және қағып алу;
• бір-біріне домалату;
• нысанаға дәл тигізу;
• шағын эстафеталар ұйымдастыру.

Бұл ойындар ептілікті, дәлдікті және қимыл үйлесімділігін дамытады.

Кедергілер жолағы

Жастық, орындық, қорап сияқты заттардан кедергілер жолағын жасауға болады:
• орындықтың астынан еңбектеу;
• сызықтан секіру;
• «көпірмен» жүру;
• затты түсірмей алып өту.

Мұндай жаттығулар тепе-теңдік пен батылдықты дамытады.

Би жаттығулары

Көңілді әуен қосып, балаға қимылдарды қайталауды, билеуді немесе жануарларды бейнелеуді ұсыныңыз. Бұл ойындар баланың көңіл күйін көтеріп, артық энергиясын шығаруға көмектеседі.

Зейінді дамыту ойындары

Мысалы:
• «Қатып қал!»;
• «Күн мен түн»;
• «Қызыл — жасыл»;
• «Қимылды қайтала».

Бұл ойындар баланың зейінін, жылдамдығын және нұсқауды тыңдау қабілетін дамытады.

Ата-аналарға ұсыныстар

Күн сайын белсенді ойындарға уақыт бөліңіз.
Таза ауада көбірек серуендеңіз.
Баланың спортқа қызығушылығын қолдаңыз.
Баланы басқа балалармен салыстырмаңыз.
Нәтижесіне ғана емес, талпынысына да мақтау айтыңыз.
Белсенді өмір салтын өзіңіз үлгі етіңіз.

Есте сақтаңыз!

Қозғалыс — мектепке дейінгі жастағы баланың табиғи қажеттілігі. Бала қимылды ойындар мен дене шынықтырудан қаншалықты көп жағымды эмоция алса, оның денсаулығы да соншалықты мықты болады.

Спорт пен белсенді ойындар отбасының жақсы дәстүріне айналсын!
Құрметпен,
дене шынықтыру нұсқаушысы.


Рекомендации от педагога казахского языка для родителей чьи дети не посещают детский сад


Балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға логопедтің кеңестері


Балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға музыка жетекшісінің ұсыныстары



Балалары балабақшаға бармайтын ата - аналарға музыка жетекшісінің ұсыныстары


Балалары бөбекжайға бармайтын ата-аналарға логопедтің консультациясы



«Балақайлар мектебі»

Әрбір бала үшін мектепке дейінгі балалық шақтан мектепке ауысу өте қиын кезең болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепке дейінгі сыныптарға бармаған балалар үшін бұл кезең өте қиын.

Балаларды мектепалды даярлау бес жастан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында немесе отбасында жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі-бастауыш мектепке түсу кезінде әртүрлі әлеуметтік топтардағы балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. "Балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру" деп мектеп жасына дейінгі балалар үшін отбасының әл-ауқатына, тұрғылықты жеріне, ұлтына қарамастан, мектепте табысты оқу үшін ата-аналардың қалауы бойынша тең жағдай жасауды түсіну керек.

Жазғы кезеңде мектепалды даярлықпен қамтылмаған балалар үшін бастапқы мүмкіндіктерді теңестіру мақсатында білім беру ұйымдары жанынан ата-аналардың қажеттілігін ескере отырып, мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің балаларды ерте дамыту институтының базасында бағдарлама әзірленді.

Бағдарлама үлгілік оқу жоспарлары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес әзірленді.

Бағдарламаның мақсаты-балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау.

Міндеттері:

құзыреттілікті дамыту (физикалық даму, коммуникативтік дағдыларды, танымдық және зияткерлік дағдыларды, шығармашылық дағдыларды, балалардың зерттеу қызметін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру);

мектепте оқуға жеке, зияткерлік, әлеуметтік психологиялық дайындықты қалыптастыру;

оқу мотивациясын қалыптастыру;

жаңа білім алуға деген қызығушылық пен ынта, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігін дамыту.

Бағдарлама мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты көздейді, педагогтер мен ата-аналарға балаларға мектепте оқуға дайындалуға көмектесуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның мазмұны психологиялық дайындықты ескере отырып, балаларды мектепке дайындаудың барлық аспектілерін қамтиды.

Бағдарламаны іске асыру ұзақтығы жазғы кезеңде 1 айды құрайды. Білім беру ұйымы ұйымдастырылған қызмет/сабақ кестесін бекітеді.

Жұмыс режимі-аптасына бес күн 4-5 сабақтан тұрады, 10 минуттық үзіліс, сабақтың  ұзақтығы 30 минуттан аспайды.

Қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарына алдын ала жазылу 87058038557 телефоны бойынша немесе Қостанай қаласы, Толстой көшесі 33 мекенжайында.


Кеңес беру пункті
Балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға логопедтің кеңестері.


"Балаға қазақ тілін меңгеруге қалай көмектесуге болады?

"Қазақ тілі мұғалімі: Жумабаева Ж.А.