Ойын әлемі — әрбір бала үшін қызықты әрі маңызды іс-әрекет.
Ойын кезеңдерінің бір бөлігі өртке қауіпті заттарға арналған. Өртке қауіпті заттармен байланысты ойындар балаларға қандай материалдардың қауіпті болуы мүмкін екенін және өрттің алдын алу үшін қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін түсінуге көмектеседі.
«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында «Ласточка» мектепалды тобының тәрбиеленушілері өрт сөндіргішті қалай қолдану керектігін, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру қызметіне қалай қоңырау шалуды үйренді. Бұл жұмыстар интерактивті ойындар, өрт сөндіруші манекендері және өрт сөндіру автокөлігінің макеттері арқылы ұйымдастырылды.
Тәрбиешілер: Текаева В.Ю., Кукиль А.М.









