«Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Ласточка» мектепалды тобында әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіздік туралы әңгіме өткізілді.
Әңгіме барысында балалар түрлі жағдайларда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін білді. Олар мүмкін болатын жағдайларды талқылап, дұрыс шешім табуды үйренді.
Алған білімдерін бекіту мақсатында балалар дидактикалық ойын ойнады. Бұл ойын балаларға ойын түрінде қауіпсіз мінез-құлықтың маңызды ережелерін тағы бір рет қайталап шығуға көмектесті.