«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Қарлығаш» тобының балалары «кондитер» мамандығының ерекшеліктерімен танысты ‍‍

Кондитер - бұл тек дәмді торттар мен бәліштер дайындайтын адам ғана емес , сонымен қатар ережелерді қатаң сақтайтын маман

Кондитер мамандығының «заңдары»:
• тазалықты сақтау - қолды жуу , таза киім мен қалпақ кию
• тек жаңа әрі сапалы өнімдерді пайдалану
• рецептті дәл сақтау (мөлшердің маңызы өте зор) ️
• ыстық құралдармен (пеш, плита) ұқыпты жұмыс істеу
• өнімдерді дұрыс сақтау (тоңазытқышта немесе құрғақ жерде)

Тәртіптің маңызы:
• тағамның қауіпсіз болуын қамтамасыз ету ️
• тәттілердің дәмді әрі әдемі болып шығуына көмектесу
• асүйде тәртіпсіздік пен жарақаттардың алдын алу ️

Сабақ соңында балалар мынадай қорытындыға келді:
«Кондитер - сиқыршы сияқты , бірақ оның өз ережелері бар. Егер оларды сақтамаса - торт шықпайды , ал сақтаса - әдемі, дәмді әрі қауіпсіз болады!