«Тілге бойлау» пилоттық жобасын іске асыру аясында Қостанай облысы білім басқармасы Қостанай қаласының білім бөлімінің №3 бөбекжайы» КҚМК дене шынықтыру нұсқаушысы Утарбаева А. Ж. ұйымдастыруымен «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» атты ойындар жарысы өтті.

Мақсаты: балаларға ұлттық ойынды насихаттау, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Асық ойыны — баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелеген.

Ойын барысында «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Коваль Р., «Жұлдыз» тобынан Мустафин А. өз ептіліктерін көрсетті.