«Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№3  бөбекжайы» КМҚК базасында қазақ тілінде білім беретін ересек топ тәрбиешілері үшін «Болашақ мамандыққа бастар жол: Мектепке дейінгі ұйымдағы құндылықтар мен білім сапасы» атты қалалық әдістемелік бірлестігі өтті. Жұмыс барысында ересек «Балапан» тобының тәрбиешілері Шененова А.И. Сәбитбек Ә.Ү. «Мамандықтардың бәрі жақсы» (Наубайханашы) ұйымдастырылған іс-әрекетін көрсетті. Ал, бақшамыздың тәрбиешілері Садвакасова В.А., Бексултанова Б.К. келген қонақтарымызға «Біз кішкентай инженерміз»  атты  4 жастағы балаларға арналған әдістемелік кешенмен бөлісті. Бұл кешен «Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі 🧩Лего-Кұрылыс-мектеп жасына дейінгі балаларды техникалық шығармашылықпен таныстырудың алғашқы қадамы».
Әдістемелік бірлестік соңында педагогтермен рефлексия жүргізіліп, аяқталды.