№3бөбекжайы” КМҚК
“Гүлдер” тобының тәрбиеленушілерімен “Әжелер мектебі” ұйымдастырылған тәрбиелік бағыттағы жоба өткізілді.
Оның негізгі мақсаты – ұлттық тәрбие беру, салт-дәстүрді дәріптеу, және әжелердің өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету.
Бұл жоба арқылы балаларға қазақ халқының ұлттық құндылықтары, әдеп-ғұрыптары, қолөнері, тәрбиелік әңгімелері үйретіледі.
Әжелер мектебінің мақсаты
Балаларға ұлттық тәрбиені сіңіру
Қазақтың салт-дәстүрін жаңғырту
Отбасылық тәрбиені нығайту
Әжелердің тәлім-тәрбиесін үлгі ету
Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру
Міндеттері
Балаларды үлкенді сыйлауға, әдепті болуға үйрету
Қазақтың ұлттық тағамдары, киімдері, әшекейлері туралы түсіндіру
Қолөнерге баулу (жүн түту, өрмек тоқу, ою қиып жапсыру)
Бесік жыры, тұсаукесер, беташар сияқты дәстүрлермен таныстыру
Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш үйрету
Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту
Балаларға беретін пайдасы
Ұлттық сана қалыптасады
Қазақ тілінде сөйлеуге қызығушылығы артады
Үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеті дамиды
Қолөнерге, өнерге икемділігі ашылады
Тәрбие мен мәдениетті бойына сіңіреді
Тәрбиеші:Сарсенбекова К.К
Жуманазарова А.М