«№3 бөбекжайы» КМҚК тәрбиеленушілері қалалық «Алтын сақа – 2026» балалар жарысына қатысып, II орын иеленіп, финалға жолдама алды. Жарыс «№15 бөбекжайы» КМҚК базасында өтті. Балалар «Омпы», «Тас қала», «Бес асық» сияқты ұлттық ойындар бойынша сынға түсті.

Ойындардың мақсаты – қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы балалардың ептілігін, тапқырлығын, ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ оларды қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
Тәрбиеленушілерімізге алдағы жарыстарда да сәттілік және жеңіс тілейміз!