Балабақшада комплаенс - офицер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында педагогтар арасында сауалнама өткізілді.
Педагогтардың сауалнамалары, сондай-ақ олардың пікірлері талдана отырып, келесідей қорытындылар жасалды: педагогтар сыбайлас жемқорлықтың не екенін және онымен күресу үшін мемлекет тарапынан қандай шаралар қабылданып жатқанын нақты біледі. Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері туралы сұрақта педагогтардың пікірлері әртүрлі болды.
«Ұйым әкімшілігі сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шаралар қабылдай ма?» деген сұраққа педагогтар бірауыздан «иә» деп жауап берді. Атап айтқанда, педагогтар әдеп және қызметтік мінез-құлық кодексін сақтайды; жалақы төлеу, еңбек демалысы мен аурухана парағын рәсімдеу кезінде заңнама талаптары орындалады; сатып алулар конкурстық тәсілмен жүргізіледі; сондай-ақ тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) жалпы және топтық ата-аналар жиналыстарында қамқоршылық кеңестің қызметінен тыс мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында ақша жинауға жол берілмейтіні туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және т.б.