"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№3 бөбекжайы" КМҚК ортаңғы 🪻«Гүлдер»тобы тәрбиеленушілерімен «Әжелер мектебі» жобасы аясында «Әже тәрбиесі -ұрпаққа аманат» атты іс-шара өткізілді. Бақшамызға әжеміз қонаққа келіп, балаларға қазақтың ұлттық құндылығын айтып берді. Балалар әжеміздің әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Әженің әрбір әңгімесі – тарих, әрбір көрсеткен заты – тәрбие. Бесік пен ұлттық киім арқылы бала өз тамырын тануда. Ұлттық құндылықты дәріптеген тамаша күн болды! Ұлттық дәстүрімізді ұрпаққа үйрету – үлкен мақтаныш! Тәрбиеші: Жуманазарова А.М. Сарсенбекова К.К