Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 бөбекжайында "Аналар мектебі" жобасы аясында мектепалды "Көбелек" тобының тәрбиеленушілерімен аналар арасында ай сайын кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Кездесу әр түрлі тақырыпта өрбиді. Аналарымыз қызықты тақырыптар дайындап балалармен бөліседі. "Аналар мектебі" жалпы патриотизмді,толеранттылықты және этносаралық келісімді ,ұлттық дәстүрлермен отбасылық құндылықтарды нығайтуға өзіндік үлесін қосып келеді. Басты мақсатымыз аналармен балаларға кез келген шығармашылық білім бастамалырында қолдау көрсету.